Кембридж университетінің баспасы мен Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы ұлы қазақ ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлы шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы толық жинағын – «ABAI» кітабын ұсынады.
Кітап Абайдың 175 жылдығына орай жарық көреді. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының жарқын өкілі, Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы. Ол сондай-ақ мәдени реформатор, орыс және Еуропа классикасын аудару арқылы қазақ, орыс және еуропалық мәдениет арасындағы көпір болған.
Бұл Абайдың осыған дейін жарық көрген аудармаларымен салыстырғанда барынша толық және қазақ тілінен ағылшын тіліне тұңғыш рет тікелей тәржімаланғаны себепті, ұлы ақынның үнін әлем халықтарына жеткізудегі салмақты басылым.
Кітапты аударғандар: қазақ-ағылшын аудармашыларының жаңа буыны, британдық беделді ақындар Джон Бернсайд пен Шон О’Брайен.
Кітап Ұлттық аударма бюросының Абай шығармаларын әлемнің он тілінде басып шығару жөніндегі ауқымды жобасының бір бөлігі.