• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2020

Атырау тұрғынынан қос азаматтық анықталды

699 рет
көрсетілді

Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғынының 13 жылдан бері екі елдің  азаматтығын заңсыз пайдаланып жүргенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Әйелдің 1998 жылы ресейлікке тұрмысқа шығып, Ресей Федерациясына көшіп кеткені белгілі болды. Ол 2007 жылы  Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Бірақ, бұл туралы ҚР Ішкі істер органдарына тиісті 30 күндік мерзімде хабарламаған. Қазақстанның азаматтығын растайтын жеке куәлігін тапсырмаған. Сондай-ақ, оның 2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына бірнеше рет келіп, Ресей Федерациясының паспортымен елден шығып кеткені анықталды. Әйел Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екі елдің азаматтығы бар әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен (ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетелдік азаматтықты алу фактісін хабарламау) әкімшілік хаттама толтырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.