• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 09 Қараша, 2020

Президент энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты Заңға қол қойды

338 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заңның мәтіні төмендегідей:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №1, 1-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №11-12, 55-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 129-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 115-құжат; №22-І, 141-құжат; №22-ІІ, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №1, 2-құжат; №6, 45-құжат; №7-ІІ, 56, 57-құжаттар; №8-ІІ, 71, 72-құжаттар; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №7, 14-құжат; №9, 17-құжат; №12, 34-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; №19, 62-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №7, 37-құжат; №19-20, 86-құжат; №21-22, 91-құжат; №23, 103-құжат; 2020 ж., №10, 46-құжат; №12, 61-құжат):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 291-1-баптың тақырыбымен толық­тырылсын:

«291-1-бап. Қалдықтарды энерге­тикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптар»;

2) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-2) және 30-3) тармақшалармен толық­тырылсын:

«30-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату – органикалық қалдық­тардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтарды олардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында термиялық өңдеу процесі;

30-3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арнал­ған техникалық құрылғылар мен қон­дырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғы­дан қажетті құрылысжайлар мен инфра­құрылымның жиынтығы;»;

3) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

«4-3) аукциондық бағаларды индекс­теу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;»;

4) 17-бап мынадай мазмұндағы 28-14), 28-15), 28-16), 28-17), 28-18) және 28-19) тар­мақшалармен толық­тырылсын:

«28-14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды әзірлейді және бекітеді;

28-15) энергетикалық кәдеге жара­туға жатпайтын қалдықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

28-16) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

28-17) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

28-18) аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағи­даларын әзірлейді;

28-19) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;

5) 20-баптың 9) тармақшасындағы «салуға» деген сөз «, оның ішінде әлеу­меттік инфрақұрылым объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 288-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесіне енгі­зілген өндіріс және тұтыну қалдық­тары энергетикалық кәдеге жаратуға ұшырамайды.»;

7) мынадай мазмұндағы 291-1-баппен толықтырылсын:

«291-1-бап. Қалдықтарды энерге­тикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптар

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалану қал­дықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойы­латын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойы­латын талаптар Еуропалық Пар­ламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің «Өнеркәсіптік шығарындылар туралы (ластануды кешенді болғызбау және оны бақылау туралы)» 2010/75/ЕО Директивасына баламалы болуға тиіс.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салуға және пайдалануға арналған шығындарды өтеу жаңартылатын энер­гия көздерін қолдау жөніндегі қар­жы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйе­сіне берген электр энергиясын Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі ай­қын­дайтын индекстеуді ескере отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалармен сатып алуы арқылы жүзеге асырылады. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды ірік­теу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қалдықтарды энерге­тикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізілген және қалдықтарды энерге­тикалық кәдеге жаратуға арналған жаңа, бұрын пайдалануда болмаған техникалық құрылғылар мен қондыр­ғыларды және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға технологиялық тұрғыдан қажетті құры­лысжайлар мен инфрақұрылымды қол­данатын энергия өндіруші ұйымдар жіберіледі.»;

8) 292-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің иелері үшін қалдықтарды әкету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;».

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №18, 366-құжат; 1997 ж., №7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №21, 782-құжат; 2001 ж., №10, 121-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2003 ж., №15, 131-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №17, 139-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 94-құжат; 2009 ж., №23, 111-құжат; 2010 ж., №11, 59-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; 2012 ж., №1, 1-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; 2014 ж., №11, 67-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №19- ІІ, 106-құжат; №22-І, 140-құжат; 2017 ж., №16, 56-құжат; 2019 ж., №9-10, 52-құжат; №24-ІІ, 122-құжат):

17-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«17-1-бап. «Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруа­шылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және бас­қа да салалардың жұмыскерлері кәсіп­орындардағы, мекемелердегі, ұйым­дардағы жемісті еңбегі үшін, сон­дай-ақ тиісті салалардағы жоғары көрсет­кіштері үшін наградталады.».

«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №23, 315-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №13, 87-құжат; №14, 89-құжат; №16, 99-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №12, 82-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-І, 100-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-І, 60-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №9, 17-құжат; №11, 29-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; №19, 62-құжат; 2019 ж., №7, 37-құжат; №8, 45-құжат; №21-22, 91-құжат; №24-І, 118-құжат; №24-ІІ, 123-құжат; 2020 ж., №14, 68-құжат):

1) 1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) жүк – тасымалдау шарты ресім­деле отырып тасымалдауға қабыл­данған мүлік, оның ішінде бос меншікті вагон (контейнер);»;

2) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

«32-1) бос меншікті вагондарды (контейнерлерді) тасымалдау;».

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №17, 102-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №7, 38-құжат; №13, 87-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №13-14, 62-құжат; №15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №3, 21-құжат; №12, 85-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 57-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; №21-ІІ, 131-құжат; №23-І, 169-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-ІІ, 70-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №14, 54-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; №19, 62-құжат; №22, 82-құжат; 2019 ж., №7, 37, 39-құжаттар; №8, 45-құжат; №23, 103-құжат; №24-ІІ, 124-құжат; 2020 ж., №14, 68-құжат):

1) 9-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондыр­ғыларын кешенді сынауы электр же­лілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының бүкіл көлемін сатып алу-сату шарты болған кезде жүйелік оператормен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.»;

2) 12-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіру­ші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:»;

3) 13-баптың 3-2-тармағы 4) тармақ­шасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объекті­лері өндірген электр энергиясын жаңар­тылатын энергия көздерін қолдау жө­ніндегі қаржы-есеп айырысу орта­лығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.».

«Жаңартылатын энергия көз­дерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақ­стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 2009 ж., №13-14, 61-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 92-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., №8-ІІ, 72-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №14, 54-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., №24, 93-құжат):

1) кіріспедегі «белгілейді» деген сөз «айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау тетігін реттейді» деген сөздермен ауыс­тырылсын;

2) 1-бапта:

1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энер­гия­сын жаңартылатын энергия көзде­рін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

1-1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдас­тырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объек­тілерді, қалдықтарды энерге­тика­лық кәдеге жаратудың жаңа объек­тілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қал­­дық­тарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энер­гиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;»;

2) тармақшаның бірінші абзацы «жаңартылатын энергия көздерінен» деген сөздерден кейін «, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақша «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объекті­лері» деген сөздерден кейін «, қалдық­тар­ды энергетикалық кәдеге жарату объек­тілері» деген сөздермен толық­тырылсын;

4) тармақшадағы «объектілері», «бірыңғай электр энергетикасы» деген сөздер тиісінше «объектілері, қал­дық­тарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері», «біртұтас электр энер­ге­тикалық» деген сөздермен ауыс­ты­рылсын;

6) тармақша «жаңартылатын энер­гия көздерін пайдалану объек­тілері» деген сөздерден кейін «, қалдық­тар­ды энергетикалық кәдеге жарату объек­тілері» деген сөздермен толық­тырылсын;

9-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – осы Заңға және Қазақстан Республикасының эко­логиялық заңнамасына сәйкес қал­дық­тарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 9-3) тармақ­шамен толықтырылсын:

«9-3) резервтік қор – қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кас­салық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;»;

14) тармақшадағы «объектісі», «бірың­­ғай электр энергетикасы» деген сөздер тиісінше «объектісі, қал­дық­тарды энергетикалық кәдеге жара­ту объектісі», «біртұтас электр энер­ге­тикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 6-бапта:

8) және 9-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жа­ңартылатын энергия көзде­рін пай­далану объектілерін, қалдық­тарды энер­гетикалық кәдеге жарату объек­тілерін қосу тәртібі мен мерзім­дерін әзірлейді және бекітеді;»;

«9-1) жаңартылатын энергия көз­дерін пайдалану объектілерін, қал­дық­тарды энергетикалық кәдеге жара­ту объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;

10) тармақшада:

«жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері» деген сөздерден кейін «, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері» деген сөз­дермен толықтырылсын;

«жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын» деген сөздер «жаңар­тылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 7-1-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдық­тарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қал­дықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар электр энергиясын ком­мерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған, өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері берген электр энергия­сының көлемдері туралы мәлімет­терді ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы «жа­ңар­тылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «, қалдықтарды энер­гетикалық кәдеге жаратуды» деген сөз­дермен толықтырылсын;

2-1-тармақтың екінші бөлігі «жа­ңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «, қалдықтарды энер­ге­тикалық кәдеге жаратуды» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-2) тармақ­шамен толықтырылсын:

«1-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энер­гия өндіруші ұйымдардан қалдық­тарды энергетикалық кәдеге жарату объек­тілері өндірген және олар Қазақстан Рес­публикасының біртұтас электр энер­­гетикалық жүйесіне берген электр энергиясын осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу еске­ріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бо­йын­ша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні­нен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;»;

2) тармақшадағы «жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын» деген сөздер «жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын»деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен», «бірыңғай электр энергетикасы» деген сөздер тиісінше «жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланудан», «біртұтас электр энергетикалық» деген сөздермен ауыс­тырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Қаржы-есеп айырысу орта­лығы осы Заңға және Қазақстан Рес­публикасының экологиялық заң­на­ма­сына сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және аукциондық сау­да-саттық жеңімпаздарының ті­зі­ліміне енгізілген, қалдықтарды энер­гетикалық кәдеге жаратуды пай­даланатын энергия өндіруші ұйым­дармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберу жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бас­тап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.»;

6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар:»;

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Белгіленген қуаттылығы кемін­де бір мегаватт болатын жаңарты­латын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген міндеттермен қатар, Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес жүйе­лік оператор белгілеген, электр стан­­ция­сының генерациялайтын қон­дыр­ғыларының жұмыс режимдерін сақтауға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объек­тілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орта­лығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өздері аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгі­зілгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде өтінім береді.

Қалдықтарды энергетикалық кә­деге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қалдықтарды энер­гетикалық кәдеге жарату объек­тілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды береді:

1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпарат.»;

8-тармақта:

«жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын» деген сөздер «жаңар­тылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде» деген сөздер­ден кейін «, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде» деген сөз­дермен толықтырылсын;

5) 9-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Жаңартылатын энергия көз­дерін пайдалану объектілері, қалдық­тарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау»;

3-тармақтың бірінші бөлігі «жаңар­тылатын энергия көздерінен» деген сөздерден кейін «, қалдықтарды энер­гетикалық кәдеге жаратудан» деген сөздермен толықтырылсын;

4 және 4-1-тармақтар «пайдалану объектілері» деген сөздерден кейін «, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері» деген сөздермен толықтырылсын.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне темір­жол көлігі мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқ­сан­дағы Қазақстан Республи­касы­ның Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Пар­ламентінің Жаршысы, 2019 ж., №24-ІІ, 123-құжат):

2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы, 3-тармағы, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары, 5) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қол­данылады деп белгіленсін.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жария­ланған күнінен кейін күн­тіз­белік он күн өткен соң қолданысқа ен­гізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 9 қараша

№373-VI ҚРЗ