• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Таным 10 Қараша, 2020

Әулиеатаға келген ерекше құс

741 рет
көрсетілді

Бұл күнде бірқазан жер бетінен жойылып бара жатқан құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізілген. Елімізде ерте заманнан «көлдің еркесі» атанып кеткен бірқазанның екі түрі мекен етеді. Олар, әсіресе Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің маңында кездеседі. Алайда жуырда ғана Жамбыл облысының аумағына да бірқазан құсының келгені анықталды.

Жақында Жуалы аудандық полиция бөліміне Ди­хан ауылының ше­тіндегі жырада дене тұ­рқы үлкен, ерек­­ше құс­тың ұшып кете ал­май тұр­ға­ны жөнінде ха­барлама келіп түскен. Жер­гілікті тұрғындар бірден мұның кәдімгі құсқа ұқ­са­майтынын байқаған. Аталған жерге шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жыра бойынан өте әлсіз және өздігінен ұшып кете алмайтын дәрменсіз бір­қа­занды көрген. Сонымен қа­тар Жуа­лы ауданының орман жә­не жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен мамандар шақырылған. Нәтижесінде мұ­ның бірқазан екені белгілі болған. Бұл ретте полиция қызметкерлері сирек кездесетін құсты қорғап, аман алып қалды. Құтқарылған бірқазан жуық арада Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағына жіберіледі.

Жалпы, бірқазан құсының қасиеті туралы, сонымен қатар оған Мұхаммед (ғалейһиссалам) пайғамбардың да дұға еткені әдеби деректерде көп айтылады. Пайғамбар Мәдина қаласына көшіп барып, сахабаларымен бірге бірінші мешітті салатын кезде су тапшылығы болыпты дейді. Бірақ бірқазан бір сәт те дамыл таппай, көлден су тасыпты. Сонда құстың еңбегіне риза болған пайғамбар «Бізге кө­мек­­тессең, сені де Алла жарылқасын. Үмбеттерім қай жерге қоныс­тан­са, сол жерде кө­бейгін», деп дұға етіпті дейді. Аңыз бо­йын­ша бір­қа­зан­ның адамдар өмір сүре­тін жер­лерде, көлдерде ме­кен ететіні содан екен деседі...

 

Жамбыл облысы