• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2013

Украинада үкіметке қарсы наразылық күшейіп барады

273 рет
көрсетілді

Украинаның құқық қорғау органдары жексенбі күні Еуропалық пен Тәуелсіздік алаңдарына жиналған шерушілерді тарату үшін көз жасаурататын газ бен арнайы құрал қолданды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Киев милициясы баспасөз қызметінің ақпары бойынша, жергілікті уақытпен 23:00-де аяқталуы тиіс болған митинг тоқтамай жалғаса берген. Тәртіп сақшылары көшені көлік қозғалысына ашу үшін адамдарды жаяу жүргіншілер жолына ығыстырып тастаған. Сол кезде олардың арасында қақтығыс орын алып, бір шеруші мен екі милиция қызметкері жапа шеккен.

Украинада үкіметтің Еуропа Одағымен қауымдастық құру процесін тоқтатуларына жаппай наразылық білдіру басталды. 22 қараша күні Киевтегі тәуелсіздік алаңында 1,5 мыңға жуық адам үкімет шешіміне наразылық білдірген еді. Оларға қолдау көрсету үшін «Батькивщина» партиясының төрағасы Арсений Яценюк, «Удар» партиясының төрағасы Виталий Кличко, «Свобода» партиясының төрағасы Олег Тягнибок пен бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Луценко да келген болатын. Ал кеше Киевте еуроинтеграцияны жақтаушылардың бірнеше акциялары болып өтті. Құқық қорғау органдарының дерегі бойынша, акцияларға 20 мыңнан аса адам қатысқан. Ал ұйымдастырушылар болса көшелерге 100 мыңнан астам адам шыққанын алға тартады. Мұндай наразылық акциялары Украинаның басқа да қалаларында болып өтті.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар