Бұл жобаға “Отандастар қоры” КеАҚ мен “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” РҚБ мұрындық болды. Омбы қаласындағы “Омбы қазақтары” қоғамдық ұйымына арнайы интерактивті құралдар топтамасы жіберілді. Бүгінде онлайн сынып ұйымның орталығында орналасқан. Алдағы уақытта N100 орта мектепте екінші онлайн сыныпты ашу жоспарлануда.
Қазақ тілі сабақтары аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте онлайн форматта өтеді. Өткен сабақтар “Otandastar Channel” YouTube каналында жүктеледі.
Естеріңізге сала кетейік, “Отандастар қоры” КеАҚ жыл соңына дейін 12 елде 31 онлайн сынып ашуды жоспарлап отыр.