• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Қараша, 2020

ЕЭК: Реттеу әсерін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс тобы өтті

91 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен Реттеу әсерін бағалау жөніндегі жұмыс тобы  отырыс өткізді, оның барысында ЕЭК кедендік әкімшілендіру, монополияға қарсы реттеу, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы және шешімдері жобалары қаралды, деп хабарлайды  Egemen.kz  ұйымның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап

Атап айтқанда, уақытша әкелу мерзімі екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленетін тауарлардың тізбесін бекіту және Ресей Федерациясында жарияланған комбайндардың тізіміне енгізу туралы ЕЭК Алқасының шешімінің жобасы қаралды.

Жұмыс нәтижелері бойынша жобада қарастырылған тәсілдің жүйелі және оңтайлы еместігі атап өтілді.

Бұл тұжырым мәселенің масштабы мен ұсынылған реттеудің салыстырмалы еместігін, шешім жобасының бірыңғай кедендік реттеу қағидатына сәйкес келмейтіндігін ескере отырып, сонымен қатар өнеркәсіптік даму құралы ретінде кедендік әкімшілендірудің шектеу шараларын қолданудың орындылығы туралы сұрақтардың болуына байланысты жасалды.

Жұмыс тобы декларацияда және тауарларды шығаруға арналған өтінімде айналымы қадағаланатын өнімдер туралы ақпаратты кедендік декларация тапсырғанға дейін көрсетуді регламенттейтін ЕЭК шешімдерінің жобаларын қолдады.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесінің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзуға әкелуі мүмкін әрекеттердің жол берілмеуі туралы ескерту беру тәртібін бекіту туралы шешімінің жобасы талқыланды. Ескерту беру процедурасының реттелуі ЕЭК-ке монополияға қарсы реттеу саласындағы Одақ заңнамасының бұзылуына жол бермейтін тағы бір құрал ұсынады.

Медициналық мақсаттағы бұйымдардың биологиялық әсерін бағалау мақсатында зерттеулер (сынақтар) жүргізу қағидаларының жаңа редакциясы жобасын қарау кезінде осындай зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу процедураларын жеңілдету, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілерге Ережелер жобасының жаңа редакциясы күшіне енген кезде өтпелі кезең беру туралы бірқатар ұсыныстар енгізілді.

"Бес жарым жыл ішінде, жұмыс тобының жүз отырысы шеңберінде ЕЭК шешімдері жобалары бойынша 320 тұжырым дайындалды, онда ұлттықтан тыс реттеудің сапасын арттыруға және Одақта бизнес жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған мыңнан астам ескертулер мен ұсыныстар бар", деп атап өтті  Тимур Жақсылықов.