• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экология 12 Қараша, 2020

Озық технология зиянды қалдықты азайтуы тиіс

449 рет
көрсетілді

Жаңа Экологиялық кодексте көзделген Озық қолжетімді технология қағидаты зиянды қалдықтарды азайтып, еліміздегі қоршаған ортаны жақсартуға септесуі тиіс.

Мұндай қорытындыға Халық­аралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталы­ғын­да өткен «Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді техноло­гия­лар қа­ғидаттарына көшу мәселе­леріне арналған II Халықаралық конферен­ция­ның қатысушылары келді.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Мақсұт Әбілқайыровтың айтуынша, жыл сайын орталықта жасыл технологияларды енгізіп, инвестиция тарту бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

«Париж келісімінің негізінде әлем елдері экологияны, әлеуметтік-эконо­микалық жағдайды жақсартуға сеп­тесетін экологиялық нормалар қа­былдау қажет. Елімізде жаңа Экологиялық кодекстің аясында озық технологияларды енгізу көзделген. Бүгінде кез келген қаржы көздерінен салынатын инвестиция экологияға зиян келтірмеу керек. Шетелден тартылатын барлық қаражат экологиялық нормативтерге сай болып, көмірқышқыл газ шығарындарын азайтуы тиіс», деді М.Әбілқайыров.

Ол Азия Даму Банкімен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға байланысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жат­қанын жеткізді. Кез келген жобаны қаржыландыруға инвестиция тартылса, компанияның жұмысы зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталуы керек. Сондай-ақ кәсіпорынның қон­дыр­ғылары энергиялық тұрғыда тиімді болуы тиіс деді М.Әбілқайыров.

Салалық кәсіпорындар осы бағытта Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігіне, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне, сол секілді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жү­гіне алады.