• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2020

Павлодарда қардың үстіне асфальт төсегендер жазаланады (ВИДЕО)

225 рет
көрсетілді

Қардың үстіне асафальт төселіп жатқан аумаққа қала әкімі Ержан Иманслям барды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның жанындағы Лермонтов көшесінің учаскесінде "Павлодар жылу желілері" ЖШС жұмыс жүргізген іргелес тротуарды кәсіпорын ретке келтіруі тиіс еді. Бірақ ЖШС жылы күндері  жұмысты аяқтап үлгермеген.

"Бүгін таңертең қар жауғаны белгілі. Осыған қарамастан, жылу берушілердің мердігерлік ұйымы – "Жаса групп" ЖШС асфальт төсеуді жалғастырған. Технологиялық процестің бұзылғаны байқалады, бұл дұрыс емес", деп хабарлады Павлодар әкімдігінде.

Қала әкімшілігі тәртіп бұзушылар жазаланатынын атап өтті.