• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2020

Елорда мектептерінде екінші тоқсанда ешқандай өзгеріс болмайды

92 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу екпіні бойынша "сары аймаққа" енуіне байланысты, жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып үшін, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланып отырған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық снаитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді", делінген ақпаратта.

Басқарманың хабарлауынша, білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиялогиялық жағдайға тәуелді. Егер өзгерістер болса, ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланады.