• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Батыс Қазақстанда етті мал шаруашылығы дамып келеді

840 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты деп хабарлайды Egemen.kz.

2020 жылдың 10 айында Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру 1,6%-ға өсіп, 167,7 млрд теңгені құраған. Саладағы еңбек өнімділігі 2 тоқсанда 1,7 есе өсіп, 720 мың теңгеге дейін жеткен. Ал салаға құйылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсіп отыр.

"Өңір басымдықтарының бірі – етті мал шаруашылығын дамыту. Ірі қара мал басы бойынша біз республикада 4-орындамыз. Асыл тұқымды ірі қара мал өсіру бойынша да алдыңғы қатарға шығып отырмыз. Ал етті бағыттағы ірі қара малын өсіру бойынша облысымыз екінші орында", деді Ғали Есқалиев.

Әкімнің айтуынша, Тасқала ауданында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіру тапсырмасы бойынша пилоттық жоба енгізілген.

"Жобаны толықтай іске асыру үшін бірқатар кедергілерді жою қажет. Сол себепті арнайы ұсынысымызды Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдадық. Егер осы ұсыныс қолдау тапса, ауыл тұрғындардың табысы артатын болады", деді Ғали Есқалиев.

Мемлекет басшысы айтқан 7 экожүйенің бірі – ет бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысының әлеуеті жоғары. Совет Үкіметі кезінде облыстың жайылым жерлер көлемі 13 млн гектарға жеткен. Ал бүгінде тек 7 млн гектар жер ғана пайдаланылып отыр.