• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 16 Қараша, 2020

70 ауыл интернетке қосылады

115 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында қолға алынған цифрландыру бағ­­дар­ламасы нәтижесін беруде. Мысалы, биылғы 9 ай ішінде ха­лық­қа көрсетілген мем­лекеттік қыз­меттің 80 пайызы электронды фор­матта болған.

Өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы бойынша енгі­зіл­ген геоақ­параттық портал, тө­тен­ше жағдай кезінде жедел іске қосылған stopcovid.kz сайты, iKomek109 Uralsk және орталық­тандырылған 112 call-орталығы, «Smart­Uralsk» мобильді қосым­шасы жер­гілікті халықтың көп жұмысын жеңіл­детіп, қо­лын ұзартты.

Айта кетейік, жоғарыда атал­ған IT-ше­шім­дердің көбін жасаған жергілікті компаниялар екен.

Биыл өңірде тұрғындар саны 250-ден асатын елді мекендердің бәрінде 3G/4G жылдамдығы бар мобилді интернет желісін іске қосу туралы жоба қолға алын­ған болатын. Жыл соңына дейін осындай 70 ауыл жедел интер­неттің игі­лігін көрмек.

 

Батыс Қазақстан облысы