• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Мультимедиа 16 Қараша, 2020

Биылғы 5 тренд

443 рет
көрсетілді

Осы жыл қарапайым азаматтарға да, алпауыт компанияларға да, ірі брендтерге де, жалпы мемлекеттік құрылымдарға да сынаққа толы болғаны белгілі. Бұл сынақ келер көктемге дейін жалғасады деген болжам бар. «Дағдарыс дегеніміз – мүмкіндік» қағидасы биыл іс жүзінде тексерілді. Grayling.com зерттеу нәтижесінде коммуникацияда белең алған, алдағы бірнеше айда өзекті болатын 5 трендті анықтады.

Бірінші тренд – мақсатты ауди­то­рияның ұлғайғаны ұлғайды. Пан­де­мия кезінде адамдардың қызығушы­лық танытқан салалары, құндылық­тары көбейді, нә­тижесінде мақсат­ты аудито­рия да кеңейді. Әлеумет­тік желі­лер де тұтынушылардың тал­ға­мына бейімделуге және жаңа бағыттар ұсынуға тырысты. Мәсе­лен, TikTok өзіне контент жасаушы афроамерикалықтарды қол­дау науқанын іске қосты. Cab­dury оқ­шау­лану кезінде ең көп қиналатын топ ретінде егде тартқан азаматтарға ар­налған контенттерді көбірек берді.

Екінші тренд – мүмкіндіктерді көре білу. Айталық, Майкрософт Аустрияда білім беру мекемеле­ріне қашықтан оқытуға қажетті сервистерді ұсынды. Яндекс Ресейде жұртшылыққа коронавирус тестілерінің нәтижесін жет­кізіп берумен айналысты. Онлайн сауда белең алды, Reels, TikTok, YouTube, Likee бәрі сауда­мен айна­лысты. Сториз, стрим, қысқаша бей­нероликтердің барлығы сауда құра­лына айналды. Ірі компаниялардан бастап қатардағы қолданушыға дейін цифрлы технологияларды сауда құ­ралына айналдырды деуге негіз бар. Нәтжесінде онлайн-сауданың өсу қар­қыны үлесі болжанған межеден 30 пайызға асып түсті.

Үшіншіден, азаматтардың эмо­циялық орнықтылығына баса мән берілетін болды. Әлеуметтік желі арқылы адамдардың эмоциялық ахуалына мониторинг жасаған Hedonometer биыл күзейліске ұшырағандардың қа­тары бұрнағы жылдармен салыс­тырғанда әлдеқайда көп болған-ды. Бұл халықтың денсаулығы мен демографияны айтпағанда, тұтынушылық қабілетке,жалпы экономикаға әсер ететін факторға айналды. Сол себепті дүние жү­зі бойынша компаниялар психо­логиялық көмек көрсететін «қы­зу желілерді», виртуал терапия сер­вистерін ұсынуға көшті, эмоциялық жағдайды өлшейтін және медитация жасайтын қосым­шалар іске қосылды.

Төртінші тренд, адамдардың қызықты талап етуі күшейді. Әдетте бірнеше күндік демалыстарда халықтың алданышы болатын телевидение өнімдері бұл жолы аздық етті. Кинотеатрлар жабылды, киноөндірістің жұмысы да біршама баяулады. Аудитория зерікпеуі үшін әлеуметтік желілер түрлі акциялар ұйымдастырды. Онлайн киносервистердің қарасы көбейіп, Нетфликске бәсекелестердің қатары пайда болды. Эрмитаж, Лувр, Третяков галареясы, Нью-Йорк метрополитеті сынды әлемдегі ең ірі музейлерден бастап барлық музейлер онлайн бейнеэкскурсия ұйымдастыруды жолға қойды.

Бесіншісі, Z ұрпақтың жағда­йын ойлау. Пандемия алдын ала жасалған жоспардың 100 па­йыз орындалуы қиын екеніне адам­дардың көзін жеткізгендей болды. Бұл әсіресе прагматикалық сана­ға бой алдырған Z буынға, яғни 2000-2005 жылдары дүниеге келген жастарға қатты соққы болды, себебі олардың 95 пайызы болашақты өзіміз айқындаймыз деп санайтын. Енді белгісіздікке бой алдырған жастарды оқудың, жұмыс істеудің қажеті бар ма деген сұрақ көбірек толғандыратын болған. Осыны ескерген үкіметтер, ірі компаниялар жастарды ынта­ландыруға арналған онлайн бағ­дар­ламаларды көбейте бас­тады.