• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Қараша, 2020

Елімізде 9 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр

65 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.