• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2020

Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім індет жұқтырды

121 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында оқу жылының басынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таратылған мәліметке сәйкес індет жұқтырған 20 мұғалімнің үшеуі бастауыш сынып мұғалімдері.

Осыған дейін Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылған еді. Облыста соңғы тәулікте коронавирус 42 адам коронавирус жұқтырған. Оның 14-інде ауру белгілері байқалған, ал қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде.