• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қараша, 2020

Мыңға жуық "Жас сарбаз" тәрбиеленушісіне куәлік табысталды

789 рет
көрсетілді

Елордамыздағы "Жас сарбаз" тәрбиеленушілеріне "Жас сарбаз" қозғалысында бар екенін растайтын куәлігі табысталды. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жастар саясаты басқармасы", Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл алғашқы рет 30 мектеп 10 колледж тәрбиеленушілеріне осы құжатты табыстадық. Шараға "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мендыгалиев Мейірбек Оразұлы, аталмыш оқу орындарының басшылары және оқушылары онлайн форматта қосылды.

Жыл сайын ұйым қатарына 1000-ға жуық "Жас сарбаз" тәрбиеленушісін қатарымызға қабылдап отырамыз. Біз әрбір қатарымызға қабылданған оқушымен тығыз жұмыс атқарамыз", – деді "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы.

Еске сала кетейік, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық ұйымы осыдан екі жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен айбынды жастардың басын біріктіру үшін құрылған болатын.

Бүгінде Республика бойынша "Жас сарбаз" тәрбиеленушілерінің саны 200 мыңға жуықтап отыр.

Жыл сайын тәрбиеленушілерге арналған әскери қолданбалы спорт түрлерінен, шығармашылық, спорттық сайыстар, кездесулер, әскери-патриоттық жиындар, ерлік сабақтары өтеді.