• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2020

“Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында 39 жоба жасалды

340 рет
көрсетілді

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасының "Nur Otan" партиясының 18 съезінде берген тапсырмасына сәйкес қабылданған "Ауыл-ел бесігі" жобасын іске асыру жолдары  баяндалды. Оның басты мақсаты-ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңартып, өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.

Бүгінгі таңда "Ауыл-ел бесігі"  жобасына даму әлеуеті бар және халық саны көп 28 ауылдық елді мекен енгізілді. Жобаның  мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсарту, ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңарту, оларды Аймақтық стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.

Ағымдағы жылы осы жобы аясында Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Рахат, Шетпе жолдар мен әлеуметтік нысандарды салу және орташа жөндеу жүргізілді. Барлығы 3,8 млрд. теңгеге 39 жоба жасалды.

"Ауыл-ел бесігі" аясында 2021 жылы 13 жобаны іске асыру жоспарланған. Сайын Шапағатов ауылы – 9 жоба, Жетібай ауылы-3. Қазіргі уақытта олардың үшеуі аяқталды, бесеуі бойынша құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 2 жоба - Ақшұқыр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Рахат ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы келесі жылға көшіріледі.

Бұдан кейін жұмыс барысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов халыққа атаулы әлеуметтік көмек бөлу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Оның мәліметтінше, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 20 545 адам (3 807 отбасы) жалпы алғанда 1,6 млрд.теңге алды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету үшін 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 895 бала  209,3 млн.теңгеге азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілді. Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі ағымдағы жылдың 2 тоқсанынан бастап 37 798 теңгеден 41 695 теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ кеңес барысында кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалардың санитариялық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтың жұмысы туралы баяндама жасалды. Бүгінде Маңғыстау облысында 24 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына тәртіп сақшылары, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері кіреді. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілер ерекше үлес қосуда. Олар мониторинг тобына тәртіп бұзушылық фактілерін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары да тартылды.

17 тамыздан бастап облыс бойынша 5235 кәсіпкерлік нысаны жұмысын қайта бастады. Бүгінгі күнге дейін 761 рейдтік іс-шара өткізілді. 1748 нысан қамтылды, 131-де санитарлық талаптардың бұзылуы анықталды. ЖПҚ қызметкерлері облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 443 материал жіберді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 109 жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 8 986 830 теңге айыппұл салынды.