• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Қараша, 2020

Маңғыстаудағы инфекциялық стационарларда 83 адам емделіп жатыр

94 рет
көрсетілді

Маңғыстауда 16 қарашадағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 83 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 83 науқастың ішінде 4-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 73, жағдайы ауыр халде 9 науқас, өте ауыр хәлде 1 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.

Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.

Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.