• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2020

Оралда кезектен тыс конференция өтуде

221 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы басталды. Конференция отырысына партияның облыстық филиалы төрағасы, өңір басшысы Ғали Есқалиев төрағалық етуде.

Кезектен тыс конференцияға өкілеттілік нормасына сәйкес сайланған 128 делегаттың 124-і қатысып жатыр. Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру мәселелері қаралмақ. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту, аталған партияның кезектен тыс ХХ Съезіне делегаттарды сайлау мен өзге де мәселелер конференцияның күн тәртібіне енген.

- Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз еліміздің тарихында биыл алғаш рет жалпы ұлттық деңгейде өткен праймеризге көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік, өзіндік идеясы бар, жаңа көзқарастағы азаматтар қатысты деп ойлаймын. Партияішілік іріктеу – барша қатысушыға тең мүмкіндік берді. Праймеризге кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер, құрылысшылар, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары секілді түрлі саланың мамандары мен өкілдері қатысты. Әсіресе жастар мен әйел адамдардың белсенділігін атап өткен абзал, - деді облыс әкімі, филиал төрағасы Ғали Есқалиев.

Батыс Қазақстан облысы бойынша праймеризде 460 кандидат тіркеліп, 421 кандидат қатысқан. Оның ішінде 155-і (36,8%) – әйел, 144-і (34,2 %) – 35 жасқа дейінгі жастар болған. Төрт күнге созылған дауыс беруде облыста тұратын партия мүшелерінің 85%-ы, яғни 22 903 адам қатысып, таңдау жасапты. Осы аралықта облыс тұрғындарынан 1205 ұсыныс түсіп, оның 77%-ы облыс, қала мен аудандық партия филиалдарының сайлауалды бағдарламасына енгізілген.

 

Батыс Қазақстан