Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің Бейімбет Майлин атындағы көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шығып, газ балоны жарылды деп хабарлайды Egemen.kz
Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өрт 5 литрлік газ балоны жарылуынан шыққан. Сөйтіп, жалпы ауданы 100 ш/м құрайтын тұрғын үйдің тең жарымы өртеніп, шатыры опырылып құлап түскен.
«Өрт орнынан денесін күйік шалған 41 жастағы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады төтеншеліктердің баспасөз қызметі.
Күн суытып, жылыту маусымы басталғалы жеке тұрғын үйлерде осындай оқыс оқиғалар жиілеп кетті. Төтеншеліктер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертуде.
Батыс Қазақстан