• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2020

Түрмеде туған чемпион

251 рет
көрсетілді

Өткен ХХ ғасырдағы әлем спор­тының жарық жұл­­дыздарының бірі – диск лақтырудан екі дүркін Олим­пиада чемпионы Нина Апол­лоновна Понаморева.

Ол 1929 жылы түрмеде дүниеге келіпті. Әкесі мен анасы «халық жауы» ата­нып, қа­пасқа қамалғандықтан, қыз­дарының тағдыры осылай болған көрінеді.

Түрмеде туған қыз 1948 жылы 19 жасында ата-анасымен бірге азаттыққа шыққан соң, 23 жас­қа толғанда Хельсинки Олимпиа­дасын­да чемпион атанып, тарихта тұңғыш рет КСРО құра­масына алғашқы алтын медаль әкелген. 1960 жылы Рим Олимпиадасында екінші рет чемпион атанады.