• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Қараша, 2020

Жүк шиналарына арналған демпинг мерзімі ұзартылды

137 рет
көрсетілді

ЕЭК ҚХР-дан әкелінетін жүк шиналарына арналған демпингке қарсы баждың қолданылуын қайтадан тергеп-тексеру аяқталғанға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz  ЕЭК баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап. 

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы ҚХР-дан әкелінетін жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы шараның күшін 2021 жылғы тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қолданыстағы шара 2020 жылғы 17 желтоқсанда аяқталуға тиіс болатын. Алайда ЕЭК-тің Ішкі нарықты қорғау департаментіне белгіленген мерзімде қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш түсті. Құжаттарда ұсынылған мәліметтер демпингтік импортты жалғастыру мүмкіндігі туралы, сондай-ақ егер демпингке қарсы шараның күші тоқтатылатын болса, ЕАЭО мемлекеттер экономикасына нұқсан келуі жайында алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша 2020 жылғы 19 тамызда қайтадан тергеп-тексеру басталды.

Демпингке қарсы шара күшінің өту мерзімін назарға ала отырып, сондай-ақ қайтадан демпингке қарсы тергеп-тексеру 12 ай ішінде аяқталуға тиіс екендігі ескеріле келіп, шараның қолданылуын қоса алғанда 2021 жылғы 18 тамызға дейін ұзарту ұйғарылды.