• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2020

Алматының мониторингтік топтары бір күнде заң бұзған 6 нысанды анықтады

140 рет
көрсетілді

Кеше, 17 қарашада Алматы қаласы бойынша мониторинг топтар карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 27 нысанды қамтып, карантиндік шектеу шараларына мойынұсынбаған 6 нысанды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта қала бойынша 32 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Алмалы ауданының мониторингтік топтары Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайындағы "Мега Парк" СОО-ғы корей мейрамханасының 22.00-ден кейін жұмыс режимін бұзғанын анықтады.

Бостандық ауданында келесі бұзушылықтармен төрт нысан анықталды:

– Мұстафин к. 56/1 мекенжайы бойынша "CTR Chiken Алматы" тез тамақтану дәмханасы – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

– Мұстафин к. 56/8 мекенжайы бойынша Red Dragon фастфуд өнімдерінің дүкендері мен дүңгіршектер желісі – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

– Мұстафин к. 56/2 мекенжайы бойынша Салам бро тез тамақтанудың дәмханалар және дүңгіршектер желісі – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;

– Наурызбай батыр к. 125 мекенжайы бойынша "Playstation" ойын клубы – нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен.

Медеу ауданында Достық даңғылы, 87а мекенжайындағы "Venezia" мейрамханасында сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы анықталды. 

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған заңбұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Әкімдік алматылықтарды және қала қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзып, қызметін жалғастырып келе жатқан мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық-эпидемиялық талаптар: белгіленген жұмыс режімін, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимін сақтау, қызметкерлерді қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, дезинфекциялық құралдарды орнату талаптарының толықтай сақталуын қамтамасыз ету қажет.

 

 

АЛМАТЫ