Нью-Йоркте коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты мектептер жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шамамен 300 мың бала сабақтарын онлайн режимінде оқиды. Қала билігі бұл уақытша шара екенін және эпидемиологиялық ахуал жақсарған кезде оқу орындары ашылатынын айтты.
Италияда бір күнде коронавирус инфекциясынан 753 адам қайтыс болды. Соңғы рет COVID-19 осыншама адамдардың өмірін қиған жағдай осы жылдың сәуір айында орын алған болатын.
Польшада бір тәулік ішінде 603 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғаннан бері елдегі ең жоғары көрсеткіш.
Франция билігі дүкен иелерінің Рождество мерекесінің алдындағы үлкен жеңілдіктер жарияланатын «қара жұма» күніне орай сауда орындарының ашылуына рұқсат берілуі туралы өтініштеріне қарамастан, елде 30 қазанда енгізілген шектеу шараларының жеңілдетілуі жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.