• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 20 Қараша, 2020

Петропавлда екі мұғалімнен коронавирус анықталды

Петропавл қаласында бастауыштың кезекші сыныптарына сабақ берген екі мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавл қаласындағы №1 жалпы білім беретін IT-лицейдің 2-сынып ұстазынан коронавирус инфекциясы табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі кезекші сыныптың 26 оқушысы 20 қарашадан бастап қашықтан оқи бастады.

Бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқу форматына көшірілді. 

Естеріңізде болса, бұған дейін қыркүйек айынан бастап 56 мектеп оқушысынан КВИ анықталды.

Соңғы жаңалықтар