• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 22 Қараша, 2020

БҰҰ-ның бас хатшысы G20-ны кедей елдер үшін қарызды тоқтатуды ұзартуға шақырды

284 рет
көрсетілді

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш G20-ны кедей елдердің қарыздарын өтеу мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости таратқан деректерге сілтеме жасап.

Бұған дейін G20 елдерінің қаржы министрлері әлемнің ең кедей елдері үшін қарыздық төлемдерді тоқтату бастамасын алты айға – 2021 жылдың сәуіріне дейін ұзартуға келісті.

"G20 қарыздық қызметті тоқтата тұру бастамасын алты айға ұзартты және қарызбен жұмыс істеудің жалпы схемасын қабылдады. Біз бұл қадамдарды құптаймыз, бірақ көп нәрсе істеу керек. Мен 2021 жылдың соңына дейін одан әрі ұзартуды және еңбастысы, бастаманың аясын барлық дамушы және орташа табысы бар мұқтаж елдерге кеңейтуді талапетемін", деді Гутерриш баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, "қарыздың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру үшін ғаламдық архитектураны құру қажет". "Банкроттықтан болатын домино эффект жаһандық экономиканы бұзуы мүмкін. Біз COVID пандемиясының қарыз пандемиясына алып келуіне жол бере алмаймыз", деді БҰҰ Бас хатшысы.  

G20 саммиті 21-22 қарашада онлайн режимінде өтеді, оның тақырыбы коронавирус пандемиясы, климатты қорғау, қаржы саясаты және әлемдік экономика мен сауданы дамыту, Африканы қолдау.

Саммит жұмысына Гутерриш қатысады деп күтілуде.