• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қараша, 2020

Елбасының туындысы таныстырылды

255 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бірлесіп, Елбасы кітапханасында –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен түрік тілінде басылып шыққан «N.A. Nazarbayev. Ulu Bozkirin mirasi» («Н.Ә. Назарбаев. Ұлы дала мұрасы») кітабының таныстырылымына арналған халықаралық онлайн-конференция өткізді.

 

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні қар­саңында орай­­лас­тырылған шара барысында Ел­басы туындысы түркі әлемі және дала өр­ке­ниетінің негізгі бағыттарын қау­за­ған маңызды баяндамалар мен сөй­леген сөз­дері берілген және дала өр­ке­ниетінің тарихи һәм рухани мұраларын жаңғыртудың, түркі мемлекеттері ин­тег­рациясын дамытудың заманауи үр­діс­терін қамтитын маңызға ие екені ай­тылды.

Жиын басында Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Пре­­зи­дентінің кеңесші­сі, Қазақ­стан Республикасы Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы кітапха­насы Кең­се­сінің ақпарат­тық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әділ Тұр­сынов Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековтің үндеуін оқып берді. Үндеуде «Елбасының бұл кітабы – өзі­нің мазмұны мен тақыры­бы жағынан өте ауқымды әрі бірегей басылым. Жинаққа Қа­зақстанның мем­лекеттік тә­уелсіздігінің негізін қалау­шы, көрнекті саясаткер Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың іргелі ма­қалалары мен рес­ми сөй­леген сөздері, соның ішінде Түркі кеңесіндегі маңызды баяндамалары енгізілген. Олар Еуразия аймағын мекендеген көшпелі халықтардың тарихи даму ерекшеліктері мен кезеңдерін, жалпы адамзат да­муындағы түркі өр­кениетінің рөлін, Ұлы даланың ұла­ғат­ты ұрпақтарының шығар­машылық, қоғамдық-сая­си мұрасын қамтиды. Әсі­ре­се Тұңғыш Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың түр­кі халықтарының рухани мұ­расын, мәдениетін, тілі мен дәстүрін жаңғыртудағы, қал­пы­на келтірудегі страте­гия­лық маңызы бар бастама­ла­рын ерекше атап өту керек. Конференцияға қатысу­шы­лардың баяндамалары Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың интеграциялық көз­қа­рас­тары мен бастамалары­ның гу­манитарлық және тарихи әлеуетін айқын әрі терең танытуға мүмкіндік береді деп сенемін» делінген.

Одан кейін мәртебелі басқосуды ашып, сөз сөйлеген Елбасы кітапхана­сының бас­­шысы Әмірхан Рахым­жа­­нов Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті түркі еура­зия­­­шылығының басты идео­лог­терінің бірі екенін баса айтып: «Бұл кітап – Қазақстанның мәдени-тарихи дамуы, Ұлы дала ойшылдарының мұ­­­расы, түркі әлемін интеграциялау идея­сы­ның мазмұны, сондай-ақ Қа­зақ­стан Респуб­ликасының Тұңғыш Пре­зи­ден­ті жариялаған қазіргі қоғам мен мем­лекеттің рухани-саяси дамуының өзекті мә­селелері туралы зерттеулерден тұрады. Қазіргі Қазақстанның тәуелсіз дамуы жолында Нұрсұлтан Әбішұлы үш құрлық – Азия, Еуропа және Африка аумағына таралған, халқы 300 миллион адамды құрайтын үлкен кеңістік – Түркі әлемін сақ­тау, дамыту және интеграция­лау мәселесіне ерекше мән бе­ріп келеді. Дүниежүзі тари­хын­да түркілер әлемі тарихи өзгерістердің қуатты катализаторы болып табылады. Өткен ғасырларда Түркі әле­мінің маңызы мен қазіргі таңдағы ықпалын түсіну үшін әлемнің географиялық картасына үңілу жеткілікті. Түркі мәдениеті Еуразия құрлығы ха­лықтарының мәдени тарихында ерекше орын алумен қатар, бабалардан қалған мұрасы – түркі өркениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін сарқылмас бай рухани құндылықтар қазынасы», деді.

Осы орайда, Елбасы туындысы жайлы толымды пікір айтып, кітаптың сая­си-рухани маңызы және халықаралық кеңістікте алар орны мен түркі әлемін интеграциялаудағы үрдісі туралы ойларын ортаға салған тұлғалардың па­йымына назар аударсақ:

 

Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ,

ТҮРК­СОЙ Бас хатшысы:

– Қазақстан Республика­сының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Наза­рбаев­ты «Түркі әлемінің абызы», «Түр­кі әлемінің көшбасшысы», «Түр­кі интеграциясының архитекторы» деп атау дәстүрге айналып кетті. Мұндай құрметті атауды түркітілдес халықтар өмір сүретін ұлан-ғайыр тер­ритория­ның түкпір-түкпі­рін­дегі саясат әлемінің серкелері тарапынан ғана емес, қара­пайым халық өкілдері аузынан естіп, шын ықыластарына бөлену – қазіргі заманның сая­саткері үшін үлкен мәртебе. Елбасы сонау тәуелсіздік жыл­­дарының бас кезеңінен бас­­тап, бауырлас түркітілдес ха­­лықтардың мәдени байла­ныстарына басымдық берді. Соның арқасында түркі ха­лықтары арасындағы алғашқы халықаралық ұйым – ТҮРКСОЙ 1993 жылы, кейіннен Нұрсұл­тан Әбішұлы­ның тікелей бастамасымен түркітілдес ел­дер­д­ің интеграциялық ұйымдары – ТүркПА, Түрік Кеңесі, Түркі Академиясы құрылд­ы. Бүгінгі таныстырылған кітаптың түрік тіліне аударылып, басылып шыққаны өте жақсы. Ғалымдар мен сая­сат­керлердің пікірінше, кітапта ұсынылған Елбасы­ның мақалалары қазақ халқы үшін ғана емес, түбі бір түркі жұртының бәріне ортақ бағдарламалық туынды екені ма­ңызды. Сонымен қатар жоба жетек­ші­сі М.Қасымбековке кітапты бас­паға дайын­дағаны үшін алғыс білдіреміз.

 

Ялчын ТОПЧУ,

Түркия Республикасы Прези­ден­тінің Кеңесшісі:

– Елбасы осы құнды ең­бегінде мәде­ниеті­міз­дің барша түркі әлеміне, өткені мен бүгіні және болашағына, әлемдік өр­кениетке қосқан үлесі туралы баяндай­ды. Түркі әлемінің азаматы ретінде кө­­кірек көзі­мізді ашқан осынау құнды ең­­бекті берген Нұрсұлтан Әбіш­ұлына ри­зашылығымды біл­діргім келеді және оған зор ден­саулық пен бақ-береке ті­лей­­мін. Осы мүмкіндікті пайдалана оты­рып, ТҮРКСОЙ Бас хатшысына, бас­қа да әріп­тес­теріме және маңызды ша­раны ұйымдастырған барша жан­дарға алғы­сымды жеткізгім келеді.

 

Қуаныш СҰЛТАНОВ,

Пар­ламент Мәжілісінің депутаты:

– Алдымен жоба жетекшісі – Махмұд Базарқұлұлы бас­таған ғалымдар тобы­ның айтулы еңбегін атап өткім келеді. Екіншіден, бұл жұмыстың бүгінгі күн үшін де және бо­лашақ ұрпақ үшін де құн­ды­лығы өте зор. Қазіргі жас­тар: «Біз кімбіз, тамырымыз бен шыққан те­гіміз қандай, қа­шан пайда болдық? Та­рих тол­қынында қандай дауылдар мен шың­дардан өттік? Біз әлемдік өркениеттің дамуына қандай үлес қостық?» дегендей сұрақтар қояды. Ал бұл кітапта осы сұрақ­тардың бәріне жауап бар. Бұл ең­бек – Елбасының түркі интеграциясы мен ынты­мақтастығы бойынша атқарған қызметінің қорытындысы іспеттес.

 

Сұлтан РАЕВ,

Түркі кеңесі Бас хатшысының

орынбасары:

– Түркі әлемі Орталық Азия жә­не Еуразиямен бірге адамзаттың әлем­дік тарихи-мәдени мұрасында же­тек­ші орындардың біріне ие, дәл осы кеңістік мегарухани орта­лық әрі адам­заттың өрке­ниет­тік факторы болып саналады. Өркениеттің дамуына түркілердің қосқан үлесі орасан зор және басым мән беріп, терең зерттеу­ге лайық. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы дала мұрасы» кітабында түркі өркениеті мен түркілердің жа­һандық мәдениеттегі рөлі, тарихы жарқын жа­зылған. Ел­басының аталған еңбегінің негізгі үндеуі – Ұлы даланың әлем та­рихындағы рөліне жаңа­ша көзқарас екені анық.

 

Низами ДЖАФАРОВ,

Әзер­байжан Республикасы Пар­ламентінің депутаты:

 – «Ұлы дала мұрасы» кі­табы – автордың ұлы тарихи қызметін және тұлғалығын түсіну, сондай-ақ қазақ халқы­ның рухына терең үңіліп, жа­ңаша қарау болып саналады. Бұл мұ­ра тек Қазақстанда, я түркі елдерінде ға­на емес, бү­кіл әлемде оқылып, талда­натынына сенімдімін. Бұл туынды сар­қылмас рухани қазына ретінде тарихи құндылығын ешқашан жоғалтпайды. Нұр­сұлтан Назарбаев өз кітабында тек қазақтардың ғана емес, жалпы түркі халықтарының – түркі әлемінің өткені, бүгіні мен болашағы туралы айтады.

* * *

Сонымен қатар конференция барысында Мәдениет және спорт министрі А.Райым­құлова, Сыртқы істер минис­трінің бірінші орынбасары Ш.Нұрышев, Халықаралық Түркі академиясының пре­­зиденті Д.Қыдырәлі, Анкара уни­вер­ситетінің ректоры, про­фессор Н.Уну­вар, Гази уни­верситетінің ректоры, профессор М.Йылдыз, Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық уни­верситеті­нің про­ректоры Д.Қамзабек және тағы бас­қа­лар­дың шағын баяндамалары тың­­далды.