• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Қараша, 2020

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

396 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесінде «Қасиетті лаухалар жаңғыртылуы» атты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағ­­дарламалық мақалаларында көрсетілген басымдықтар не­гі­зінде, ежелгі кезде байрақ са­бы­ның ұшына орнатылатын рә­­сім лаухаларды жаң­ғырту іс-ша­расына Түркістан қала­сы­ның әкімі Рашид Аюпов және об­лыстық, қалалық ардагерлер ке­ңесінің мү­шелері мен зиялы қауым өкіл­дері қатысты.

Бүгінгі таңда тарихи тұрғыдан жаңғыртылып отырған 10 лауханың тарихы тереңде жатыр. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанды қор­шай орналасқан 10 лауха жө­­нінде 1871-1872 жылдары орыс саяхатшысы А.Л.Кунның аль­­бомында және 1928 жылы М.Е.Массон Түркістанға арнайы келген сапарында: «Тайқазанның құлақтарына жылқы қылымен ұшталған, кейбірі жарты ай секілді иіліп біткен, темірмен қапталған ұзын 10 лауха бекітілген» деп жазса, 1935-1940 жылдары кесене қараусыз қалған тұста лаухалар қолды болғандығы жайында деректер кездеседі.

Ғалым П.Н.Ахмеровтің «Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы» ат­ты еңбегінде лаухаларда және мөрде мұсылман әлеміне белгілі Ахмет есімімен әйгілі болған ша­­йықтардың есімдері ойып жа­зыл­­ғандығы айтылады. Қазіргі жаң­­ғыртылып отырған 10 лаухада ойып жазылған есім-сөздердің ­ре­тіне тоқталсақ:

«Ахмет (яғни Мұхаммед (с.а.у.) Алланың елшісі». «Шайық Ахмет Ханбал». «Ахмет Хейрун-насаж» (тоқымашылардың ең үздігі). «Шайық Ахмет Аркам» (шұбар ала). «Шайық Ахмет Хазрави». «Шайық Ахмет Равия» (равиялік). «Шайық Ахмет Мұхтар» (таңдаулы). «Шайық Ахмет Хами» (сақтаушы). «Шайық Ахмет Кабир» (ұлы). «Шайық Ахмет Сағари».

Жоғарыда аты аталған 10 лау­ханы жаңғырту оқиғасына қатыс­қан қала басшысы Рашид Абатұлы тарихи маңызға ие жәдігерлерді қайта жаңғыртып, байырғы орнына орналастырған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­рық-музей ұжымына алғыс біл­дірсе, қорық-музейі директоры Нұрболат Ахметжанов: «Бүгін – өткенімізді қайта жаңғыртып, жоғалтқанымызды тапқан ерекше күн. Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұхаммед (с.а.у.) пай­ғамбарымыздан бастап мұсылман әлеміне мәшһүр Ахмет есімімен әйгілі шайықтардың есімдері жазылған лаухалар Тайқазанның айналасына, бұрынғы тарихи орнына қайта орнатылды. Төл жәдігерлерімізді, тарихымызды түгендеп, насихаттау болашақ ұрпақ үшін маңызды мұра болып қалары сөзсіз. Тарихымызды тану, жаңғырту жолындағы ма­ңызды күнмен баршаңызды құт­тықтаймын», деді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, жаңғырған лаухаларды қала тұрғындары мен қасиетті мекенге ат басын бұрған қонақтар тамашалауға мүмкіндік бар екен.