• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

568 рет
көрсетілді

Өңір ауруханаларында коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ған­дарды қашықтан чек-парақтары арқылы бақылау қолға алынды. Осыған орай №2 облыстық инфекциялық ауруханасы COVID-19 бөлімшесінің меңгерушісі Нұрфия Қизатованың мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтыруға күдікті, не індеттің белгісі анықталған науқастардың жағдайын ба­ға­лап, оларды қашықтан бақылау үшін арнайы чек-парақтар енгізіліп отыр.

– Мобильді бригада маман­да­ры чек-парақтар арқылы қа­уіпті індет ағынының ауыр­лы­ғына байланысты науқасты ауруханаға жатқызу тура­лы шешім қабылдай алады. Мұн­дай шешімге дене қызуы­ның көтерілуі, ентігу секілді белгілер болғанда ғана емес, науқастағы ілеспе аурулардың және адам өміріне қауіп төн­ді­ретін факторлардың бірқатар параметрі ықпал етеді, – дейді Нұрфия Қизатова.

Дәрігердің айтуынша, қауіп­ті індет жедел респираторлы вирустық инфекциясымен қабат­тасып келуі мүмкін. Сол себептен COVID-19 инфекциясының симптомсыз түріне шалдыққан науқас медицина маманының бақылауына алыну тиіс. Осы орайда медицина маманының көмегімен науқастың өзі толтыратын чек-парақтың маңызы зор.

Ал №2 облыстық инфек­ция­лық ауруханасының ди­ректоры Мағжан Сиджа­нов­тың пікірінше, тұрғындар қауіпті індеттің алдын алу шараларынан ұдайы хабардар болуы керек. Індет жұқтырмаудың ең тиімді жолы – адам көп жиналатын жерлерге бармау.

– Қазір мектептердегі кезек­ші сыныптарда сабақ бастал­ды. Ата-аналардан балаларын қорғауды сұраймыз. Балалардың жай-күйін бақылап отырған жөн. Дене қызуы көтерілген бол­са, мектепке жібермеу қа­жет. Эпидемия кезеңінде өзге де инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында жоспарлы екпе­лерді алу үшін емханаға уақтылы барған дұрыс, – дейді М.Сиджанов.

 

Атырау облысы