Шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты анықтайтын 1000 тестті Қазақстаннан шығару әрекетін тоқтатты. Бұл туралы Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылғы 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтау үшін Қазақстаннан 1000 тест шығару әрекетін тоқтатты.
Ұсталған жүктің алдын ала құны 5 074 480 мың теңге.