• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қараша, 2020

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді

166 рет
көрсетілді

IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы DAZN стриминг сервисі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин IBF титулын қорғау үшін польшалық боксшы Камила Шереметамен жекпе-жекке шығады. Қазақстандық боксшы мен Шеремета Холливуд қаласындағы Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Аталған шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.

Еске сала кетейік, Головкин бұған дейінгі кездесуін Нью-Йоркте өткен жылдың қазанында өткізді. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.