• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қараша, 2020

Азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр - Президент

205 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өтіп отыр. Бұл мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға. Бүгінде "Nur Otan" партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналып отыр. Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр",- деді Қ.Тоқаев.

Бұдан соң, Мемлекет басшысы партия тарапынан халыққа тұрақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.

"Нақты жұмыс пен жанашырлық береке-бірлігімізді арттыра түседі. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асырады. Бұл ретте Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету негізгі міндеттің бірі. Мен биылғы Жолдауымда партияның қоғамдағы жетекші рөлі туралы айттым. Біз реформаларды жүзеге асыру барысында "Nur Otan" партиясының зор әлеуетіне сүйенеміз",- деді Президент.