• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қараша, 2020

"Орталық Азия - Корея Республикасы" ынтымақтастығының кезекті форумы өтті

325 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының 13-ші отырысына қатысты. Іс-шараға Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хва, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның - Рашид Мередов, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және Қырғызстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұрлан Ниязалиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

СІМ басшылары денсаулық сақтау, қашықтықтан білім беру, стандарттау және қоршаған орта салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Денсаулық сақтау саласында делегациялар арасында COVID-19 пандемиясымен күрестегі тиімді өзара іс-қимылға, оның өңір экономикасы үшін теріс салдарын еңсеруге және сыртқы экономикалық қызметті жандандыруға қатысты пікір алмасылды.

Сондай-ақ, тараптар қашықтықтан білім беру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, келулерге мониторинг жүргізу және білім бөлімдерін жүргізу мәселелерін қозғады. Мотивацияның мазмұны мен жүйесіне ерекше назар аударылды. Отырысқа қатысушылар цифрлық технологияларды қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен алмасуға келісті.

Техникалық стандарттау саласында делегация басшылары саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының ұлттық стандарттарын талқылады.

Форумға қатысушылар жасыл экономикаға, қоршаған орта мен табиғи ресурстарға жүктемені азайту жолында терең жүйелі өзгерістер жасау қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Орталық Азия экономикасын жаңғырту аспектісінде Корея Республикасының экономикалық және технологиялық әлеуеті қызығушылық тудырады. Біздің елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына залалды азайту мақсатында форумның күш-жігерін сауда-экономикалық өзара іс-қимылды қалпына келтіруге бағыттау туралы шешім қабылданды. Қатысушылар көпжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына назар аударуға ниетті.

Сондай-ақ Форум аясында онлайн-форматта Орталық Азия елдерінің Сауда-өнеркәсіп палаталары мен Корей сауда жөніндегі халықаралық қауымдастығының (KITA) қатысуымен Іскерлік кеңестің бірінші отырысы өтуде.

Жалпы, Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты өзара құрмет пен пайда негізінде жандандыру өңірдің ортақ мүдделеріне жауап береді және орнықты дамудың маңызды факторы болады.

Форум қорытындысы бойынша Орталық Азия мен Корея Республикасы Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.