• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2020

10 миллион теңге ұрлаған екі күдікті қолға түсті

205 рет
көрсетілді

Павлодарлық жедел уәкілдер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қыркүйекте Павлодар облысының полицейлеріне белгісіз біреулердің автокөлігінің терезесін сындырып, он миллион теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы ер адам  хабарласқан.  Жәбірленуші Қарағанды қаласында тұрады және жүк көлігімен Қарағанды – Семей қалалары арасында жүк тасымалдаумен айналысады. Ол бір күн бұрын туысымен бірге Семей қаласына тоғыз тонна көкөніс пен жеміс-жидек алып келіп, онда тауарды базарға түсіріп, әкелген тауары үшін қомақты ақша алған.

Ер адам ақшаны қағаз конверттерге салып, машинаның орындығының астында орналасқан темір сейфке салған. Сейф құлыпталатын және көліктің орындығына дәнекерленген болған. Жолда ер адамдар Павлодар қаласына тамақ ішу үшін тоқтаған, бірақ 30 минуттан кейін асханадан шыққан ер адам көлігінің терезесі сындырылғанын, ал жүргізуші отыратын орындық пен оған дәнекерленген сейфтің мүлдем жоқ екенін көрген.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық жедел уәкілдер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Олар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотталған. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен қаскүнемдердің  жәбірленушілердің ізіне Семей қаласындағы базарлардың бірінде түскенін анықтады. Кәсіпкерлердің қомақты ақшасының бар екенін байқаған олар қылмыстық жоспар құрып, оны Павлодарда жүзеге асырған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.