• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қараша, 2020

Пробация есебінде тұрған азамат өз кәсібін ашты

275 рет
көрсетілді

Ақтөбелік сотталған азамат Пробация қызметкерінің қолдауымен қайтарымсыз несие ұтып, кәсіп ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі “Атамекен” ҚР ҰКП-ның “Бизнес бастау” жобасы бойынша жыл басынан бастап, пробация есебінде тұрған төрт сотталған азаматты кәсіпкерлік негіздерінде білімін жетілдіруге арналған тегін оқу курстарына жолдады.

Күні бүгін сотталғандардың біреуі оқуын жалғастырып келетін болса, қалған үш сотталған “Бизнес бастау” жобасы бойынша оқу курсын сәтті аяқтап, сертификатқа қол жеткізіп, мал шаруашылығын дамытып отыр.

"Онлайн курсы нәтижесінде, бір сотталған 555 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз несие ұтып, оған 14 бас ұсақ мал сатып алса, екінші сотталған 2,5 млн теңге көлемінде ұтып алған шағын несиеге ірі қара мал сатып алып, мал басын көбейтіп отыр. Үшінші сотталған 555 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз несиеге мал соятын құрал-жабдық пен ірі қара малын сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Пробация қызметкерлерімен сотталған азаматтарға көрсетілетін осындай іс-шаралар олардың кәсібін дамыта отырып, отбасыларын асырауға және қоғамға тез бейімделіп, түзу жолға түсулеріне ықпалын тигізетініне сенімдіміз", – дейді Темір аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Хамзат Отарбаев.