Бүгін сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы маңызды нысандар қызғылт-сары жарықпен жарықтандырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімдікте өткен брифинг барысында бұл туралы Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, әкімнің бас инспекторы Мөлдір Бөлебаева айтып берді. Бұл акция гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы ынтымақтастық белгісі ретінде өткізіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлеуметтік акциясы - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні - 25 қарашада басталатын және 10 желтоқсан - Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан.
Бұл күнді 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы ресми түрде жариялады және атаулы күн әлемнің 100-ден астам елінде қолдау тапқан.
Қазақстан астанасында да осы акция аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.