Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 қараша күні жүргізілген рейд барысында Өскеменде шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі анықталған. Риддер қаласында 4 рейд өтіп, 70 нысан қамтылды. Нәтижесіндеғ 3 факті тіркеліп, 125 010 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды.
"Глубокое ауданында 108 нысанда 18 рейд жүргізіліп, маска режімін бұзған 2 тұрғын тіркелді. Аягөз ауданында карантин талабына бағынбаған 3 адам 401 810 теңге айыппұл арқалады. Зайсан ауданында 7 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды, салынған айыппұл мөлшері – 41 670 теңге", дейді ШҚО Ақпарат орталығының өкілі.
Сонымен қатар Шемонаиха ауданында 32 нысанда рейд жүргізіліп, 2 заңбұзушылық анықталды. Ал Бесқарағай ауданында 3 адамға 125 010 теңге айыппұл салынған. Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін фактісі – маска режімін сақтамау.