• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қараша, 2020

Гендерлік зорлықты болдырмау жөнінде онлайн-конференция өтті

229 рет
көрсетілді

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» халықаралық науқанының аясында «Гендерлік зорлықты болдырмау және әйелдердің әділ сотқа қол жетімділігін арттыру» атты халықаралық онлайн-конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конференция Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан әрі — Ұлттық комиссия) қолдауымен Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) және #НеМолчиKZ қоғамдық қоры бірлесіп  ұйымдастырды. 

Алғашқы сөз кезегі Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазановаға берілді. «Мемлекеттің маңдайалды міндетінің бірі — зорлықпен күрес. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамға кері әсер етеді. Қазақстанда бүгінде қолға алынып жатқан шараның бәрі қоғамда әйелдер мен балалардың құқығына қол сұғуды түбегейлі жою үшін жасалып жатыр» деп атап өтті.

Конференцияға Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік органдар, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдар өкілдері, сонымен қатар дағдарыс орталықтарының жетекшілері қатысты.

Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесі, оны ведомстволардың елеуі, дағдарыс орталықтарының қызметі, COVID-19 пандемиясы кезінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін жасалатын тиімді шаралар сөз болды. 

Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы мен ЮНФПА жүргізген Жедел гендерлік бағалауға қатысқан қатысушылардың 15,3% COVID-19 таралуы кезінде  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбейгенін естігенін, тіпті кейбірі өзінің де басынан өткергенін атап өткен. Карантин уақытында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлағандарға келсек, 25-34 жастағы әйелдер үлесі (16,6%), ажырасқандар (22,8%), халықтың әлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен топ өкілдері (22%). Сонымен бірге сауалнамаға қатысқан әйелдердің 80%  астамы пандемия кезінде аналарды қорғау, отбасын жоспарлау, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге психологиялық қолдау білдіру қызметіне жүгінбеген.

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы өзінің қызметін атқару кезінде ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі  2020 жылы Қазақстанның  сегіз аймағындағы дағдарыс орталығының әлеуетін арттыруда. Бұл жерлерде қосымша орындар бөлініп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандарға жан-жақты көмек көрсететін мамандар тартылады. 

«Қазақстанда отбасындағы кикілжіңге байланысты полицияға күніне 500-ден аса шағым келіп түседі. Қоғамның міндеті сол — мемлекеттің, халықаралық қорларды, үкіметтік емес ұйымдардың көрсетіп жатқан көмегін әр отбасына жеткізу. Зорлық көргендермен ғана емес, агрессорлармен де кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізу керек. Зорлықтың тамырын бірлесіп қана үзуге болады», - дейді құқық қорғаушы, #НеМолчиKZ халықаралық қозғалысы көшбасшыларының бірі, конференция ұйымдастырушысы Дина Смаилова.