Ақмола облысында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Іс-шарада өңір басшысы Ермек Маржықпаев қылмыстың алдын алу ісіндегі шараларды іске асыру жөніндегі жұмыс мүлтіксіз шараларды қабылдауды талап ететінін және барлық мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестірудің маңызды міндеті болып табылатынын сөз етті. Күн тәртібінде ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысты алдын алу шаралары, интернет-алаяқтық пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды.
2020 жылы барлық тіркелген қылмыстарды талдау көрсеткендей, қылмыстардың өсуіне алкогольді теріс пайдалану, жұмыссыздық, есірткі қолдану, төтенше жағдай кезінде отбасылық жанжалдар әсер етті.
Іс-шарада карантин жағдайында кибер-қылмыскерлер белсенділігі қозғалды. Әрбір қылмыстық әрекетте зиянкестер ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын, ұялы байланыс құралдарын және Интернет желісін пайдаланды. Осыған байланысты облыстық Полиция департаментінің басшылығы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша 2020 жылға арналған, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында жоспарлар бекітті. Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасы өзектендірілді.
Осы жылы ЖКО саласында қылмыстың 18%-ға төмендегені байқалғанына қарамастан, мас күйінде автокөлікті басқарудың 1000-ға жуық фактісі анықталған, мас жүргізушілердің кінәсінен облыс жолдарында 500 жол-көлік оқиғасы орын алып, 87 адам қаза тауып, 800 адам жарақат алған.
Республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы қараусыз қалған мал да жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді. Осы жылы малдың қатысуымен 42 ЖКО тіркелді, онда 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары ірі елді мекендердегі жаяу жүргіншілер өткелдерін жетілдіру, оларды жарықтандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді, республикалық автомобиль жолдарын кеңейту, Көкшетау – Красный Яр көлік жүретін бөлігін, №12 мектеп ауданындағы Қылшақты өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін, сондай-ақ Көкшетау қаласы мен облыстың басқа да бірқатар көлік жүретін бөліктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
Соңғы 5 жылда облыста ауыр қылмыстардың 73%-ы мас күйінде жасалғанын атап өту маңызды. Бұл көбінесе алкогольді заңсыз өткізумен, көбінесе интернет желісі арқылы, контрафактілік өнімді сатумен байланысты. Осы өзекті мәселені шешу үшін Полиция департаменті техникалық және медициналық қажеттіліктер үшін сатылған спирттің мақсатты пайдаланылуына бақылау енгізуді, сондай-ақ алкоголь өнімінің тікелей және жанама жарнамасын жою жөніндегі мәселені қарауды ұсынды.
Сондай-ақ іс-шарада Көкшетау мен Степногор қалаларынан басқа көптеген елді мекендерде уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының болмауы мәселесі атап өтілді. Бұрын қылмыс жасаған, тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарды жұмыссыз ретінде есепке қою мәселелері де сөз болды.
Отырыс қорытындысы бойынша, құқық қорғау органдарынан келіп түскен ұсыныстарды аймақ басшысы назарға алып, аудан әкімдеріне, басқармалар мен ведомстволардың басшыларына Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында қылмыс деңгейін төмендету мақсатында одан әрі алдын алу шаралары бойынша тиісті тапсырмалар берді.