• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Қараша, 2020

Инвесторларға арналған жолкөрсеткіш

221 рет
көрсетілді

Жуырда Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің кездесуінде коронавирус пандемиясы кезінде еліміздегі экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі қаралғаны белгілі.

Жуырда Президент тапсырмаларын орындау және Фармөнеркәсіп­ті дамытудың кешенді жоспарын іс­ке асыру мақсатында «СҚ-Фар­ма­ция» Kazakh Invest-пен бірлесіп әле­уетті инвесторларға арналған INVESTMENT GUIDE BOOK жол­көр­сеткішін дайындады. Жолкөрсеткіш­тің міндеті – «Бір терезе» қағидаты бойынша ірі дәрі-дәрмек брендтері бар елдерге қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін кіру алаңын қамтамасыз ету.

INVESTMENT GUIDE BOOK қолда бар инвестициялық артық­шы­­л­ықтар туралы ақпарат беру, отан­­дық және шетелдік инвесторлар үшін рәсімдердің ашықтығы мен ай­қындығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Оның міндеті инвесторларға инвестициялық жо­ба­ны іске асырудың барлық кезең­дерінде қолдау көрсету, туындайтын мәселелерді уақтылы шешу. Ол «Бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлардың мемлекетпен бай­ланысуының ортақ нүктесіне айналу­ға тиіс.

Жолкөрсеткіштің «Отандық өнді­ру­шілерден дәрілік заттар мен ме­ди­­циналық бұйымдар сатып алу рәсімдері» бөлімінде дәрі-дәрмектер­ді, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі, келісімшарт өндірісі бойынша сатып алу тәртібі, шарттар жасасу өлшемшарттары және конкурстық комиссияның құрамы егжей-тегжейлі сипатталған.

Сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету, бағаларды реттеу мә­се­­лелерін, дәрілік заттар мен ме­ди­­­ци­налық бұйымдарды сатып алу қа­ғи­даларын және тиісті фармацев­тикалық дағ­дыларды реттеуші нор­мативтік-құ­қықтық актілердің барлық тізбесі жа­салды.

Ақпараттық-талдау блогында Қа­­зақ­станның фармацевтикалық на­ры­­ғының құрылымы және «СҚ-Фар­мация» жұмысының соңғы 10 жыл­дағы ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алуды талдау ұсынылған. Сондай-ақ құжатқа «Бәйтерек» холдингінің, Qazin­dustry, «Астана» ХҚО-ның қар­жылық және инвестициялық инс­ти­туттары түріндегі мемлекеттік қол­­дау­­дың қолданыстағы шаралары ен­гізілген.

2025 жылға қарай Қазақстан өз фармөндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыруды көздеп отыр. Қа­зіргі уақыт­та жергілікті нарықтағы отан­дық өнді­рушілердің үлесі 17%-ды құрайды. Бұдан басқа, меди­ци­налық жабдықтар мен шығыс мате­риалдарының өндірісі белсенді дамитын болады. Бұл салалар инвестиция үшін ашық болады әрі жобаларға мем­лекет тарапынан толық қолдау та­ба­тын болады.

Жуырда Үкімет фармацевтика­лық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жыл­ға дейінгі кешенді жоспарын қабыл­дағаны белгілі. Оған сәйкес жеке фар­мацевтикалық өндіріс үлесін 50%-ға дейін арттыру және 30-дан астам ірі фармацевтикалық өндірісті іске қосу жоспарлануда. 

«СҚ-Фармация» – дәрі-дәрмек­тердің бірыңғай дистрибьюторы. Ком­пания тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады. Сондай-ақ дәрі-дәрмектерді сақтау, мемлекеттік медициналық мекемелерге логистика процестерін ұйым­дастыру жұмыстарымен де айналысады.