Биыл «Семей Инжиниринг» акционерлік қоғамы жөндеуден өткізген техниканы қалпына келтіріп, қорғаныс тапсырысын тез арада 70 пайызға орындады. Кәсіпорынның базасында Т-72 танктері мен БМП-2 әскери құрлық көліктері күрделі жөндеуден өткізілді.
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында бронды танктер күрделі жөндеуден өткізілді. Танктер мен әскери құрлық көліктерінің барлық функционалдық параметрлері қалпына келтіріліп, қосалқы бөлшектері, түйіндері мен агрегаттары ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қару-жарақ пен әскери техниканы жаңа түрлерімен толықтырылып жатқанына қарамастан, танктер бұрынғыдай Қарулы Күштердің басты соққы беруші күші болып қала береді. Бұған заманауи қарулы қақтығыстар да дәлел болады. Икемді, сенімді, атыс мүмкіндіктеріне ие және мықты бронды танктер ұрыс даласындағы өздерінің өміршеңдігі мен қуатын дәлелдеді.
«Семей Инжиниринг» АҚ кәсіпорны барлық бронды танк техникаларын күрделі жөндеуді және жаңартуды жүзеге асырып жатқанын айта кеткен жөн.