"Қазгидромет" РМК 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар жауады.
Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.