• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қараша, 2020

Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты

116 рет
көрсетілді

Ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін әкету мерзімін ұзарту, ЕАЭО-да жұмыс іздеу үшін бірыңғай алаң құру, мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін анықтау. Осы және тағы басқа мәселелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің премьер-министрлерінің орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің онлайн отырысында талқылады. Қазақстандық тарап Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов төрағалығымен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, қатысушылар халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік сатып алу, техникалық және кедендік реттеу салаларындағы 33 мәселені қарады.

Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесінің шешімімен ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін уақытша әкету мерзімі 1 жылға дейін ұзартылды, бұл шара 2020-2021 жылдар ішінде қолданылатын болады. Бүгінге дейін бұрын жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін әкетілген ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектері (оның ішінде қозғалтқыштар) қайта әкелу кезінде оларды 6 ай ішінде кері әкелу шартымен кедендік әкелу баждарын төлеуден босатылатын. Бірақ, карантиндік шектеулерді ескере отырып, белгіленген мерзімде қайтаруды жүзеге асыру қиынға соқты.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен мерзімі 1 жылға айға дейін ұзартылды бұл шара 2020-2021 жылдар ішінде қолданылатын болады. Отырысқа қатысушылар мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларының жобасын мақұлдады. 

Қағидалар бір мүше мемлекеттің өнім берушісі ЕАЭО-ның басқа елінің мемлекеттік сатып алуларына қатысқан кезде тауарлардың шығарылған елін айқындау тәртібін реттейтін болады. Тауарлардың осы талаптарға сәйкестігі белгіленген преференцияларды алуға және шектеулер мен тыйым салуларға ұшырамауға мүмкіндік береді.

Ереже ағымдағы жылдың соңында бекітілетін болады. ЕЭК кеңесі жобаның үлгілік бағдарламалық қамтылымын пайдалану құқығын, техникалық және пайдалану құжаттамасын ЕАЭО елдеріне ұлттық ақпараттық жүйелерде өтеусіз негізде беру бөлігінде «Шекарасыз жұмыс» іздестірудің біріздендірілген жүйесі» жобасының паспортына өзгерістер енгізді.

Жобаның мақсаты ЕАЭО елдерінің жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелерінде қамтылған бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын іздеушілер туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін іздестіру жүйесін құру болып табылады. Жобаға барлық мүше мемлекеттердің ұлттық жүйелері тартылған. Осы жобаны іске асыру ЕАЭО азаматтарына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы бос орындар мен түйіндемелерге қол жеткізуге, сондай-ақ лицензиялық шартқа қол қойылғаннан кейін интерактивті өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Кеңес мүшелері Еуразиялық «бестік» елдерінде цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру және іске қосу үшін сервистер мен цифрлық инфрақұрылым тізбесін бекітті. ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі іскер әріптестерге тиімді қорғалған ортада жеткізілімдердің бүкіл тізбегі бойынша логистикалық ақпаратпен алмасуға көмектесуге, сондай-ақ елдер ішіндегі және халықаралық деңгейдегі уәкілетті органдармен заңдық маңызы бар электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған. Экожүйені 2025 жылға қарай қалыптастыру жоспарлануда.