• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Желтоқсан, 2020

Өзгерістерді Әділет министрлігі тіркеді

87 рет
көрсетілді

Билік партиясының кезектен тыс XX съезі барысында қабылданған Nur Otan-ның Жарғысындағы өзгерістерді Әділет министрлігі тіркеді.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Жар­ғылық құжатқа партияның пар­тия­ішілік сайлау – праймериз өткізу туралы норма енгізілді.

«Съезд қаулысымен партия Жарғы­сының 2.4-тармағы енді мынадай мазмұн­дағы тармақшамен толықты­рылды: праймеризді – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидат етіп ұсынуға үміткерлерді алдын ала партияішілік іріктеуді өткізу», делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметі хабар­ла­ғандай, партия жұмысын «қайта жандандыруды» ескере оты­рып, съездің қаулысымен 2013 жы­­лы қабылданған Саяси доктрина Nur Otan партиясының Саяси тұғыр­намасы болып өзгертілді.

Естеріңізге сала кетейік, Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтіп, оның барысында 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама қабылданды.

Сондай-ақ съезд барысында Парла­мент Мәжілісі сайлауына 126 кан­дидат­тан тұратын партиялық тізім бекі­тілді. Оның ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы бойынша, 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.

Алғаш рет республикалық пар­тияіші­лік сайлау форматында өткен Nur Otan пар­тиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат қатысты. Оның қорытындысы бойынша 6253 адам Nur Otan-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізімдеріне енді. Осы орайда партияға 42 мыңнан астам жаңа жақтастар қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-еуі Nur Otan партиясының тізіміне енді.

Праймериз барысында халықтың белсенді қатысуының арқасында Nur Otan партиясының 216 сайлауалды өңір­лік бағдарламасы талқыланып, қабыл­данды. Онда азаматтардың 20 мыңнан астам ұсынысы ескерілді.