Жақында «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ және Әзербайжан волонтерлік ұйымдарының одағы (ӘВҰО) волонтерлік саласындағы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Онлайн-кездесуде әзербайжандық және қазақстандық волонтерлік ұйымдардың өкілдері, ӘВҰО төрағасы Тұрал Гумбатов және «Ұлттық волонтерлік желі» атқарушы директоры Татьяна Миронюк сөз сөйледі.
«Біздің Әзербайжанда да осы жыл Волонтерлер жылы деп белгіленді. Еліміз үшін көп нәрселер істеп жатқанымызға қуаныштымыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасауды тоқтатпаймыз. Біз Қазақстаннан және бүкіл әлемнен волонтерлерді шақырамыз», деді Әзербайжан волонтерлік ұйымдары одағының төрағасы.
Өз кезегінде Татьяна Миронюк екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз сенімін білдірді: «Волонтерлік әрқашан жүректен өтеді. Біздің барлық күш-жігеріміз бен ойымызды волонтерлік қызмет сияқты керемет арнаға біріктіргеніміз өте жақсы».
Конференцияға екі елдің волонтерлері де қатысты. Олар өз қызметі туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Волонтерлер экологиялық, әлеуметтік, білім берудегі және Формула-1 сияқты ірі іс-шаралардағы волонтерліктің кең спектрін ұсынды.
Кездесу барысында волонтерлер байланысты қолдау үшін жеке ақпараттарымен алмасты, тіпті ортақ жобаларды құруға және оларға қатысуға тікелей қызығушылық танытты. Іс-шара ұйымдар арасында екі жақты меморандумға қол қоюмен аяқталды.