• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Желтоқсан, 2020

Минскіден келген жолаушыдан коронавирус анықталды

117 рет
көрсетілді

8 желтоқсанда Қазақстан аумағына Венгрия, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Egemen.kz

964 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 884 адам, анықтамасыз 80 адам – ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен – 320, анықтамасыз – 20;

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен – 426, анықтамасыз – 54;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 132, анықтамасыз – 6;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.