• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Батыс Қазақстанда ПТР тест бағасы 6 мың теңгеден басталады

139 рет
көрсетілді

2020 жылдың желтоқсан айынан бері облыс бойынша 1 227 адам зертханалық тексеруден өткен, ал індет басталғалы – 217 867 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР-диагностикасы үшін 52 916 зерттеуге арналған 1 058 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.

Батыс Қазақстан облысы - COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта».Тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және оны уақытылы анықтауда зертханалардың рөлі ерекше. Өңірде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді:1. ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы;2. ШЖҚ "Облыстық көпбейінді аурухана" МКК;3. "Олимп" КДЗ;4. ШЖҚ "Бөрлі аудандық ауруханасы" МКК;5. "Медициналық орталық" ЖШС;6. ҚР ДСМ АҚИҰҒО ШЖҚ РМК "Орал обаға қарсы күрес станциясы" филиалы;7. "СВА Интертич" ЖШС;8. "INVIVO" ЖШС;9. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;10. «A-Class Medical» ЖШС (келісім-шарт бойынша).Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін зертханалардың мекенжайы мен жұмыс уақыты stopcovid.kz. сайтында орналасқан. ПТР-тестілеудің бағасы 6 мың теңгеден басталады.