• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді

236 рет
көрсетілді

2020жылдың 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Алматы қаласы ПД бірлесіп заңсыз айналымнан «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.

ҚР ҰҚК жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет алынды.

Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзет тек екі қызметкердің күшімен қамтамасыз етіледі.

Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен, сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды.

Нәтижесінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.