• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Желтоқсан, 2020

БҚО-да Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

511 рет
көрсетілді

Меритократия қағидаттарына және ауысу тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов 1981 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Универстиеті мен БҚМУ "Жол қозғалысын ұйымдастыру" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- "Жайық Строй сервис" ЖШС-нің менеджері;

- Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму сұрақтары бойынша бас маманы;

- Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі;

- Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2018 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.