Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі жаңажылдық корпоративтік кештер өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Жаңа жылда корпоративтік кештер өткізбеуіміз керек. Барлық кәсіпорынға үндеу жасағым келеді: әріптестер кешін өткізбеңіздер, санитарлар бұған тыйым салып отыр. Әсіресе кафе-мейрамханалар мұны өткізбеуі керек, ол үшін жауапкершілік көзделеді. Мысалы, бұл тыйымды елемейтін мейрамханалар мен түнгі клубтар бар. Оларға бірнеше рет айыппұл салынды. Бірақ, олар үшін айыппұл сомасы түк болмай шықты, сенесіздер ме? Олар келушілерге қауіп төндіріп отыр. Сондықтан құқық қорғау қызметі мен сот органдарына әкімшілік жабу тәсілін қолдануға қолдануға тура келді", деді елорда әкімі.
"Біз бір-бірімізді, әсіресе үлкендерді, жақындарымыз бен туыстарымызды сақтауымыз керек. Жазда қандай қиын жағдай болғанын көрдіңіздер. Ал қазір көрші елдерде, Еуропада тағы да локдаун жарияланғанын көріп отырмыз. Біз күн сайын жаңалықтарды қарап, қандай шектеу шаралары бар екенін, инфекция көбейген елдер қандай шешім қабылдағанын тексереміз. Сондықтан, жаңа жылда адамдар өздеріне қатер төндірмеу үйде болғаны дұрыс, бұл отбасылық мереке, ал корпоративтік кештер өткізілмейді және жаппай серуендеу де болмайды", деді Алтай Көлгінов.
Бұған дейін елорда әкімі 15 мыңнан астам тұрғынның COVID-19 індетінен емделіп шыққанын айтқан еді. Қала басшысы алдағы мерекелерді отбасымен өткізуге кеңес берді.